«Есеңгіреп қалдық»: Абай Бегей жан жарасы туралы айтып жұрттың жүрегін елжіретті — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал әнші Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасында жазылмаған жан жарасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Абай Бегей желідегі парақшасында жан жарасы туралы айтып, жұрттың жүрегін елжіретті. Әнші екінші рет шаңырақ көтергеніне қарамастан, алғашқы некелі жарын ұмыта алмаған сыңайлы. 

«Адам болған соң басымыздан әртүрлі жағдай өтері анық. Қайғы айтып келмейді екен. Пендеміз, ертең не боларын білмейміз. Тағдырымызға қалай жазылса, солай болады екен. Біраз есеңгіреп қалдық. Өмір жалғасады, шүкір. Жалғыз менің басымда болып жатқан жағдай емес. Алла баршамызға сабыр берсін. Қарлығаштарымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай жақсы тәрбие беріп, құтты орнына қондыру – менің адамдық парызым деп білемін. Алла тағала балапандарды ата-анасынан айырмасын», — дейді Абай Бегей. 

Желі қолданушылары өз кезегінде әншіге қолдау білдіруге тырысып, ақ тілегін жаудырды. 

«Бәрі өткінші, уақыт емші, балам. Жасыма! Мұндайды басына түскен жан ғана түсінеді», «Абай, сіз керемет әкесіз. Алла берген балапандарың сізге қуаныш әкелсін. Көптің тілегі қабыл болсын, сабырлы болайық! Алла жар болсын сізге» деп жазды желі қолданушылары. 

stan.kz