Ертіс өңірінің тас жолдарында қалған 80 адам құтқарылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 11:55 117

Ертіс өңірінің тас жолдарында қалған 80 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қарағанды – Семей бағытында жолға шыққан автобустың 24 жолаушысы Екібастұз қаласының № 7 орта мектебіне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсан күні түнгі  сағат 23.00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды.

Сондай-ақ, бүгін түнде сағат 01.50-де Новосібір – Тәжікстан бағытында жолға шыққан көліктен 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды. «Оның біреуі – бала. Екі жағдайда да ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.  Setra және Yutong маркалы автобустардан 80 құтқарылды», – дейді департаментте.  

Еске сала кетейік, кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын. 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз