ертең ауа райы қандай болады?

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Синоптиктер ауа температурасының төмендеуіне байланысты республиканың сегіз өңірінде дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр мен жабысқақ қар жауады.

Республика бойынша кей жерде найзағай, тұман түседі, жел 15-22 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақта 1-3 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз