Ер адам әйелінің басына аң аулайтын мылтықпен оқ атқан

0
Ер адам әйелінің басына аң аулайтын мылтықпен оқ атқан


Жезқазған қаласының орталық ауруханасында 27 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген.

27 жастағы ер адам әйелдің басына аң аулайтын мылтықпен оқ атқан. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жезқазған қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол әйел адамның күйеуі , жанжал кезінде келіншегінің  басына аң аулайтын мылтықпен оқ атқанын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексі «адам өлтіру» бабы бойынша алдын-ала тергеу басталды. Айғақты зат тәркіленді. Айыпталушы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.