«Ендігі жылы доғаруы керек деп ойлаймын»: Қазақстаннның атақты бапкерлері Головкиннің бокста қанша уақыты қалғаны туралы болжам жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған 37 жастағы Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокста қанша уақыты қалды? Қырықтың қырқасына жақындап қалған Головкиннің денсаулығы ауыр жекпе-жек өткізуге жарамды ма, өз формасында ма? Stan.kz тілшісі кәсіпқой бокста жүрген сарапшылардың пікірін білді. 

гена

GGG-дің бірінші жаттықтырушы, кәсіпқой боксқа жетектеп әкелген Ғалымбек Кенжебеков шәкіртінің кезекті өткен жекпе жегі туралы:  

«Жекпе-жек өте тартымды, қызық болды. Екеуі де мықты мінез көрсетіп, жеңуі үшін барлық күшін салды. Генаның жеңісі таза болды. Кейбір раундтарда қарсыласы да есе жібермеді. Деревянченко өте мықты қарсылас», — деп пікірін айтты.

Екі боксшыға да ауыр тиген жекпе-жектен соң екеуі де ауруханаға жеткізілгендігін айтып, Генаның алдағы уақытта жекпе-жек өткізуі мүмкін бе деп сұрағанымызда:  

«Генаға осындай жекпе-жек керек еді. Тек Генаға кемшіліктерін түзеу керек. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру керек. Бұрын боксшылар қорқақтап қашып жүріп құлататын. Қазір алға жүретін бокшылар көп. Қарсыласы тек түзу ғана емес, айналдырып екі жақтан да соққы бағыттап жүрді. Соққысын алмастырып отырды. Генаға қарама-қарсы соққылар көбірек керек. Генаның іштен беретін соққылары жақсы болатын. Соны пайданлану керек. Генаға жұмыс істеу керек жерлер әлі де бар. Тек жақсылап дайындалу керек», — деп өз шәкірітнің кемшін тұстарын айтып өтті. Бұрынғы жаттықтырушысы GGG-дің шаршы алаңда әлі талай атой салатынына сенімді. 

«Кәсіпқой бокста қаншалықты жүруі денсаулыққа байланысты. Осындай жоғары деңгейдегі жекпе-жектер өткізу үшін мықты денсаулық керек. Жүйелі дене шынықтыру керек. Жақсылап дайындалса әлі біраз істеуге болды. Өйткені, Генаның потенциалы бар. Әрине жыл өткен сайын жасармайды. Бірақ Гена әлі жұмыс істеуі керек», — дейді Ғалымбек Кенжебеков. 

гена

Сидней олимпиадасында бокстан екі алтын, екі күміс жүлдені қанжығасына байлаған Тұрсынғали Еділовтің шәкірттері еді. Олимпиада тарихындағы ең нәтижелі бокс бапкері Генаның жекпе-жегіне қатысты өз пікірін айтты.

«Деревянченко жәй боксер емес. Кезінде «Астана арландармен» жұдырық түйістіріп жүргенде мықтылығы көрінген. Жекпе-жек тең болды. Ол Головкин арқылы өз абыройын көтеріп, қаншама қаржы тауып отыр. Головкин жекпе-жекке шықпай тұрып, ауырып, суық тисе де шықты. Өздеріңіз білесіз, Генаның жасы да біразға келіп қалды. Головкин осы жолы алғашқы раундтарда бар күшін салып қойды. 12 раундқа созылатынын білді. Екеуі де қатты соққылар алды», — деген бапкерден Генаның кәсіпқой енді қанша уақыт жүретінін сұрағанымызда:

«Екі жыл. Күшіне, әлеуетіне байланысты. Ендігі жылы доғаруы керек деп ойлаймын. Өзіңізде көрдіңіз ауыр соққылар мен жекпе-жектен кейін қайта қалпына келу өте қиын. Жүрек соғысы, қан айналымы, тыныс алуы қиындап кетеді. Ендігі жылы қою керек. Кәсіпқой боксты осы атағымен доғару керек.  Бокшылар жас келген сайын психологиялық тұрғыдан да шаршайды. Жекпе-жек алдында көп ойланып, қалай болар екен деп ойға салмақ салады. Ол денсаулыққа ауыртпалық. Өз уақытымен дер кезінде кетуі керек. 

Бокстан кеткен соң не істеуі мүмкін?

Ол таза кәсіпкер жігіт. Өзінің промоутерлік компаниясын ашып жатыр, одан бөлек, Қарағандыда да ақшасын салып отырған кәсіптері бар. Мен ойлаймын Қазақстанның болашақ боксшылары Генаның промоутерлік компаниясы арқылы танымал болады. Гена соған жағдай жасайды деп. Жас боксшыларды қолдап, үлкен дәрежеге жеткізсе екен. 

 

Дайындаған: Жанна Мәлік
  

stan.kz