«Енді жасыра алмайды»: танымал әншінің суреті желіде қызу талқыға түсті

0

Қайырымдылық концертінде өнер көрсеткен танымал әртістің суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Танымал әнші әрі актриса Рианна Нью-Йорктегі қайырымдылық концертінде аяғы ауыр екенін халықтан жасырған жоқ. Мұны бірден байқаған тыңдармандар Твиттерде әртістің жүктілігін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

​»Халайық, Рианнаның аяғы ауыр!», «Бұдан әрі жасыра алмайды», «Рианна жүкті, бірақ әкесі мен емеспін», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Бірақ біраз тыңдарман әншінің сахнада шампан ішкенін байқап қалыпты, олар Рианнаның аяғы ауыр емес дегенді алға тартады.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші концертке ішіп келіп, жұрттың алдында ұятқа қалды — видео

Әртістің өзі жүктілігі туралы да, Сауда Арабиясының миллиардері Хасан Джамильмен қарым-қатынасы жайлы да ештеңе айтпады.

Ғашықтар ара қатынасын жасырып жүрген сияқты. Бірақ екеуін Лос-Анджелесте бірнеше рет суретке түсіріп алған.



sputniknews.kz