Енді Қордай ауданы маңындағы ауылдарда балалар бірінше сыныпқа тек қазақ сыныптарына қабылданбақ — Қазақстан жаңалықтары

0

Қоғамдық келісім кеңесінде көтерілген тіл мәселесінен кейін, Масаншы, Қарасу, Сортөбе ауылдық округтерінде балалар бірінші сыныптан тек қазақ сыныптарына қабылданбақ. Ол үшін ақсақалдар аудандық білім бөлімімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр екен. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қордай

Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, қазір сабақ беретін мұғалімдерге жеңілдетілген арнайы курстар ұйымдастырылған. 

Сонымен қатар, мектептің материалдың базасы топтастырылып, толықтырылып, барлық қажетті материалдар алынып жатыр екен. Оған мемлекеттік бюджеттен 300 миллионнан астам қаржы бөлініпті.

Ал маман тапшылығын шешу үшін жоғары оқу орнын бітіріп жатқан түлектермен байланыс орнатылған. 

«Бүгінде 173 педагогымыз арнайы курстан өтіп жатыр. Жалпы, жаңа оқу жылында педагог тапшылығы бойынша мәселе болмауы керек деп жоспарлап отырмыз», — деді Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы Елдос Нұралиев.

stan.kz