Енді Қазақстанға кіру үшін ПТР тесттің нәтижесі керек емес: Елімізде шекарадан өту тәртібі өзгертілді – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесу өту тәртіптеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шекара

Жаңа ережелерге сәйкес, енді:

Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін шетелдіктерге (азаматтығы жоқ адамдарға) бұрын оларға қажет болған COVID-19 коронавирус инфекциясына теріс нәтижесі бар ПТР-тест өткені туралы анықтаманың бар болуы тоқтатылды;

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары төрағалық ететін арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия баратын еліне кіруге ресми рұқсаты болған кезде әрбір жеке жағдай үшін бекітетін тізімге сәйкес мемлекеттік органдарының қолдаухаты бойынша білікті қызметкерлер (мамандар) қатарынан ҚР азаматтарына елден шығуға рұқсат етіледі;

Денсаулық сақтау мекемлерінің растау құжаттарын ұсынған кезде қазақстандық мамандандырылған емдеу мекемелерінде емделу үшін шетелдіктерге  мемлекет аумағына кіруге рұқсат етілді;

Шетел оқу орнының растау құжаттарын ұсынған кезде шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқып жатқан ҚР азаматтарына елімізден шығуға, сондай-ақ оларға оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды рәсімдеу, емтихандар тапсыру мақсатында Қазақстаннан шетелге шығуға рұқсат етілді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз