енді ол 1 миллион доллар шәкіртақы алады

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

170 0 0

17 жастағы америкалық қыз 50 жоғары оқу орнынан шақырту алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Джорджия штатындағы Огаста қалашығындағы мектептің түлегі 17 жастағы Джакелия Бейкерге 50 университет грант ұсынды, деп хабарлайды ABC басылымы.

Ол оқуда озат қана емес, бес спорт түрімен шұғылданады екен. Оқушы қыз волейбол, баскетбол, гольф, теннис және футболдан алдына жан салмайды. Бұдан бөлек, Джакелия – оқушылар кеңесінің мүшесі, шеру оркестріне қатысады, математикалық үйірмеге барып жүр.

Биыл мектеп бітіретін түлек 64 ЖОО-ға өтініш тапсырып, 50 университет оған грант ұсыныпты. Олардың ішінде Пенсильвания және Мичиган сияқты атақты ЖОО-лар бар. Енді оқушы қыздың шәкіртақысы 1 миллион доллардан асады.

Бойжеткеннің айтуынша, мұндай жетістікке жету үшін біраз уақыт достарымен қыдырудан бас тартыпты. Бірақ маңдай тері текке кеткен жоқ, қазір сол бейнетінің зейнетін көріп отыр. Ол басқа оқушыларға алған бетінен қайтпауға кеңес берді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз