Елордалық жеті баласы бар такси жүргізуші әйел үйлі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордалық такси жүргізуші әйел Айзат Асылбекқызы үйлі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

айзат

Бұл туралы Азамат Ерғали есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасында жазды. 

«Қайырымды жандар еліміздің түкпір-түкпірінен Айзатқа ақша жинап берді. Соның арқасында ол біраз қарызын өтей алды. Ол ТЖ кезінде табыссыз қалған еді. Десек те халықтың көмегінің арқасында Айзат пен оның отбасы бұл кезеңді өткерді. Тұрғындар қолдарынан келгенше көмектесті», — деп жазыпты желі қолданушысы. 

Сөзінше, көпбалалы анаға үй сыйлаған кәсіпкерлер өздерінің кім екенін жариялаудан бас тартыпты. 

«Үй алып береміз дегенді естіп қатты қуанып қалдым. Міне, Айзат жаңа баспанаға көшіп келді. Оның қуаныштан көз жасы төгілді. Жаңа үйге біз жаңа теледидар, компьютер де алып барып бердік. Барлығы қазақстандықтардың арқасында. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бекер айтпаған ғой. Көмектерін аямаған барша азаматқа мың алғыс», — деп қосты Азамат Ерғали.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жеті баланың анасы такси жүргізушісі болып жұмыс істейтіні жайлы айтылған еді. Ол осы уақытқа дейін бір бөлмелі күркеде тұрып келген екен. Тағдыр тауқыметіне төзе білген жалғызбасты ана ешкімге алақан жаймайтынын айтыпты. 

stan.kz