Елордада қысқы демалыс орындары ашылды – новости Казахстана

0

Елордада Astana Winterland бірегей интерактивті қысқы демалыс алаңы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігіні ресми сайты.

Елордадағы қысқы демалыс орындары

Қалада барлығы 32 мұз айдыны мен 12 тақырыптық алаң жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында «Қазақ елі» монументі, «Хан Шатыр» СОСО, ЭКСПО аумағындағы және Есіл өзені жағалауындағы мұз айдындары да бар.

Кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова мұз айдындарының сапасына өз бағасын берді. Спортшы Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанағаннан кейін аты таныла бастаған еді.

Сондай-ақ, ол елордалықтармен мерекелік көңіл-күймен бөлісуге деген ықыласын жеткізіп, жаңажылдық демалыста Астанаға ат басын бұратынын айтты. Мұз айдындары сонымен қатар, Ботаникалық бақ, Кемал Ататүрік саябағы, қалалық әкімдік ғимаратының алдында және «Жерұйық», «Жетісу» саябақтарында бар.

«Елордадағы мұз айдындары айырықша мерекелік көңіл-күймен ерекшеленеді. Ауа райының аяздығына қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтарын жарқын шамдар мен мұз айдындары күтеді», – деп мәлімдеді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-де.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз