Елордада Қабанбай батыр даңғылын кеңейту жұмыстары маусым айында басталады

0

Жоба аясында Салтанат сарайы мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арасындағы жол 6-8 жолаққа дейін кеңейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Елордада Қабанбай батыр даңғылын қалпына келтіру жұмыстары маусым айында басталады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Есіл өзені көпірінен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жөндеу жұмыстары биыл басталады.

Жоба аясында Салтанат сарайы мен халықаралық әуежай арасындағы Қабанбай батыр даңғылын 6-8 жолаққа дейін кеңейту көзделген. Жол ұзындығы – 17,353 шақырым.

Бұдан бөлек, жөндеу жұмыстарынан кейін елордада Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында көлік торабы пайда болады. Жоба көлік ағынын арттырып, осы жерде жиі болып тұратын көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Қалпына келтіру жұмыстары үш жыл жүргізіледі, мердігер кәсіпорындар – China Xinxing Group Co консорциумы, Ltd компаниясы және «СП Сине Мидас Строй» ЖШС.

Жоба құны – 88 миллиард 985 миллион теңге.



sputniknews.kz