Елордада өткізу пунктінен өтіпекші болған көліктен тапанша табылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда «Қару» алдын алу шарасы кезінде көліктен тапанша табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 мамыр күні сағат 03:51-де «Toyota Camry» маркалы көлікті тексеру кезінде салоннан тапанша табылды. Ол – Жапониядағы зауытта шығарылған газбаллонды тапанша. Атыс және газ қаруы түріне жатпайды. Көлік жүргізушісі тапаншаны қайдан алғанын, не себепті өзімен бірге алып жүргенін түсіндіре алмады. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері аңшы қаруын қолдан жасау фактісін анықтады. Қала тұрғынының үйінен мылтық табылған. Оның иесі қару-жарақтың өзгертіп, ұңғысын қысқартқан. Мылтық атуға жарамды. Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК 288-бабы бойынша іс қозғалған.

Сондай-ақ «Заречный» алабында тапаншаға тәріздес зат ұстап жүрген 30 жасар тұрғын ұсталды. Бұл зат АҚШ-та шыққан «ПМ» моделінің газбаллонды тапаншасы болып шықты. ҚР ҚК 287-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз