Елордада індетке шалдыққан бес адам ауыр хәлде жатыр

0

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы үш науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір  – Sputnik. Қазір Нұр-Сұлтанда тіркелген 193 науқастың бесеуі ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір бес пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Үш адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Коронавирусты емдеу хаттамасына сәйкес ем алып жатыр», — деді Қисықова онлайн брифингте.

Айтуынша, қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Қазір елорданың инфекциялық стационарларында 1176 адам жатыр. Оның ішінде 114-і он сегіз жасқа толмаған балалар.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласының бас дәрігері ауруханада жатқан 80 адамның жай-күйін айтты 

Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 193 адам тіркелген. Он алты адам қауіпті дерттен айығып шықты, бір адам көз жұмды.

Жалпы республикада вирусты жұқтырғандар саны 423 адамға жетті.



sputniknews.kz