Елордада бес және оң мың теңгелік қағаз ақшаны қолдан жасаған азамат анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті екінші тергеу басқармасының басшысы Олжас Сүлейменов Елордада жалған ақша жасаумен айналысқан азамат ұсталғанын айтты, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ақша

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мәлімденді. 

«Қаламызда қажетті техниканы сатып алып, өз үйінде қағаз ақша жасаумен тұрақты айналысып келген азамат ұсталды. Жалған қағаз ақшалар ҚР Ұлттық банкі банкноттарына барынша ұқсас. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалған ақшаларды қала аумағында өткізудің 34 фактісін анықтадық», — дейді басқарма бастығы.

Сөзінше, ер азаматтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар анықталыпты. 

«Бұлтартпайтын айғақтар жиналды. Олар: куәгерлердің жауабы, бейне бақылау камералары, сатушылар. Аталған адам ісі сотқа жіберілді. Ол бас бостандығынан айырылды. Ақша қаражаттарын қолданған кезде олардың жаңартылып отыратындығын ескерген жөн. Ұлттық банк тарапынан көзделген қауіпсіздік шараларына назар аудару қажет», — деп қосты Олжас Сүлейменов. 

Заң бұзған азамат бес жылға бас бостандығынан айырылған. 

 

stan.kz