Елорда тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

пышақ

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуірде түстен кейін полицияға 38 жастағы әйелден өтініш келіп түскен. Ол өзінің 28 жастағы күйеуіне шағымданған. Одан кейін құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

«»ӘҚБтК 434 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жанжал фактісі бойынша әйелдің құқықтарын қорғау мақсатында күйеуіне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Профилактикалық әңгімелесуден кейін ол босатылды. Ал 28 сәуірде істі сотта қарау жоспарланған еді», — деді полицияда.

Алайда, 28 сәуір күні таңертең жәбірленуші учаскелік инспекторға қоңырау шалып, күйеуіне ешқандай наразылығы жоқ екенін айтып, босатуын сұраған. Әйел олардың арасындағы жанжал толығымен шешіліп, татуласқанын мәімдеген.

«28 сәуір күні сағат 14.30-да «102» пультіне шақыру келіп түсті. Тәуелсіздік даңғылындағы үйдің баспалдақ алаңында пышақ жарақатымен 38 жастағы әйел табылды. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді және сол жерде қаза тапты» , — деді органда.

Полиция ізін суытпай, марқұмның 28 жастағы күйеуін ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыстың себебі ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш болды. Некеде олар 2017 жылдан бастап тұрған, бірақ 2020 жылдан бірге тұрмаған. Олар әйелдің бірінші некесінен тоғыз жасар екі баласын және өздерінің екі жасар баласын тәрбиелеп отырған. Кісі өлтіру үй кіреберісінде, куәларсыз жасалған. Қылмыс кезінде балалар туысымен бірге пәтерде болған және қылмыстың куәгерлері болмаған. Марқұм көпбалалы ана емес еді. Қазір балалар марқұмның әпкесінің қамқорлығында», — деп хабарлады полицияда.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінде карантин кезінде аталған факті отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында ерекше ауыр қылмыс болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, түскен өтініштер бойынша барлық  қажетті шаралар қабылданатыны хабарланды.

stan.kz