Елорда тұрғындарын арзан көліктерді «сатушы» 40 млн теңгеге алдады – Қазақстан жаңалықтары

0

Елордалық полицейлер 40 млн теңгеден астам сомаға тоғыз алаяқтық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

теңге

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәлметінше, күдікті аукцион арқылы төмендетілген бағамен автокөліктерді ұсыну арқылы тоғыз азаматтың 40 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Есіл» ауданының полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз