Елорда емханалары тек коронавируспен ауырғандарды қабылдайды

0

Ертеңнен бастап елорда емханалары тек коронавирус белгілері бар науқастарды қабылдайды. Сондай-ақ шұғыл көмек қажет еткен тұрғындарға ғана қызмет көрсетеді. Тиісінше, жоспарлы қабылдаулар мен науқастарды емдеу уақытша тоқтатылмақ.» Бұл елдегі эпидемиялогиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қабылданып отырған шара», – дейді елорда әкімдігі. Пациенттерге ақыл-кеңес беру де бұдан былай онлайн форматқа көшеді. Екі күндік күшейтілген карантин нәтиже бермеді деп қынжылған мамандар елдегі ахуалдың өзгеруіне себеп болған бірнеше жайтты атады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Демалыс күндері енгізілген күшейтілген карантин режимі нәтиже бермегенге ұқсайды. Коронавирусқа шалдыққандар саны кеміген жоқ. Керісінше, симптомсыз тасымалдаушылардың қарасы артып, 1 тәулікте бірден 964 адам тіркелді. Олардың ең көбі Қарағанды облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан анықталды. Осылайша, инфекция жұқтырғандар сәт сайын артып жатыр. Күніне кем дегенде үш-төрт адамның дерттен қайтыс болып жатқаны тағы бар. Бірақ соны біле тұра, жұрттың бейқамсыз тірлігі жалғасып-ақ жатыр. Бірінің бетпердесі қолында…

«Қолымда ғой маска..»

«Енді бірінікі иегінде…»

-Неге маска тақпағансыздар?

– Мы кушаем…

Тағы бірі маскасын көлігінде тасып жүр…

– Маска машинеде…

Ал өзгесі жан-жағын жайпап жатқан дертке әлі де күмәнмен қарайды…

«Маска, ол немене маска? Казір коронавирус қой… Жоқ қой өтірік қой коронавирус. Сенбейсіз бе?  Жоқ сенбеймін. Ешкім сенбейді оған. Өтірік ойдан шығарған нәрсе».

ДИНАГҮЛ БАЕШЕВА, БАС ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕР:
«Вирус ешқайда кеткен жоқ. Ол біздің ішімізде. 1-і күні, 1-ші июнь күні міне ашылды, ой жұрт лап берді. Артем деген білесіз ғой базар. Соны көргенде мен шалқамнан түстім. Ойпырмай, 14 күннен кейін құримыз ғой».

Иә, бас инфекционистің айтқаны айдай келді. 14 күннен кейінгі жағдай кешелі бері әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Аурухана табалдырығында тентірегендер көбейіп, дәлізінде дамыл таппай байбалам салғандардың барлығы сол дертіне дауа іздегендер.

«Скорыймен алып келген науқастарды қабылдамай жатыр. Науқастар өте көп. Міне 3 машина 1 сағат болды тұрғанымызға».
– Врачи кто здесь? Принимаете больных? Нет?

– Забирайте говорю.

Алматы қаласында инфекциялық стационарлар 95 пайызға, ал Нұр-Сұлтанда 90% толыпты. Эпидемиологиялық жағдайдың күшеюіне байланысты ертеңнен бастап елорда емханалары жоспарлы қабылдаулар мен науқастарды қарауды тоқтатады. Қысқаша айтқанда, тек шұғыл көмек қажет еткен және коронавирус белгілері бар тұрғындарға ғана қызмет көрсетіледі.

Той дегенде қу басы домалайтын қазақ өткен сенбі-жексенбіде де әдетінен жаңылған жоқ. Карантин режимі уақытша күшейгеніне қарамастан, үй ауласында, тіпті гаражда көңіл көтеріп, дерттің дендеуіне жол ашқандар бар.

Коронавирус инфекциясының кеңінен тарала бастауы басқа вирустарды да қоздырып жіберді, дейді мамандар. Бүгінде еліміздің әр түкпірінде өкпесі қабынғандардың тым көбейіп кеткені жиі айтылуда. Маусым айында ауруханаға пневмониямен түсетіндер саны жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 100 есеге өскен.

ЖАДЫРАСЫН ХОДЖАНАЗАРОВА, ДӘРІГЕР-ИНФЕКЦИОНИСТ:
«Ең бірінші өзімнің отбасымды алып қарасам, ол кісілердің өзі де сенген жоқ басында. Енді мен қалай жұмыс істеп жатырмын, қандай жағдай болып жатты. Енді сеніп келе жатыр. Бұл ешқандай да ойдан шығарылған нәрсе емес. Вирус бар. Күннен күнге жағдай ауырлап келе жатыр».

Яғни, біз дәл қазір өз өмірімізге ғана емес, айналамыздағылардың да амандығына жауаптымыз. «Осы орайда коронавирусты жеңуге карантин ғана емес, саналы қоғам ғана себепкер бола алады», – дейді мамандар.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз