Еліміздің бас санитар дәрігері маска тағудың маңыздылығын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова далада жүргенде не үшін маска киіп жүру маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, коронавирус жұқтырғандардың көбі ауру белгілерін байқамаған. 

«Жабық ғимаратта қорғаныс маскасын тағып жүру міндетті. Ал күнделікті сандардың жағдайға қарай қалыптасатынын ұмытпау керек. Қазақстанда тіркелген аурудың 70 пайызы еш симптомсыз өткен. Яғни, ауру белгілері болмаса да, науқастар инфекция тасымалдаушы болған», — деді Есмағамбетова. 

Сондай-ақ ол маска тағудың маңыздылығын ескерді.

«Адам бір минутта 3-4 рет бетін, көзін ұстайды және оны өздері байқамайды. Оны қадағалап жүру де мүмкін емес. Бет пен көзді кір қолмен ұстау – инфекцияны жұқтырудың бір жолы. Ал маска ауызды, мұрынды жауып тұрады және шаң-тозаңнан, инфекциядан сақтайды. Сол үшін көшеде де маска тағып жүру ұсынылады. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіпін азайтады», — деп қосты бас санитарлық дәрігер. 

Еске салайық, бұған дейін Айжан Есмағамбетова қалалардағы блок-бекеттер жайлы пікірі білдірген еді. 


Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынады — қала әкімідігі

stan.kz