Елімізде жеті журналист коронавирусқа шалдыққан — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қанша журналист коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бас санитар дәрігерге бұқаралық ақпарат құралдары неше өкілі коронавирус жұқтырды деген сұрақ қойылды. 

«Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі инфекцияға шалдықты. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал қалған төртеуі ем-дом қабылдап жатыр», — деді Есмағамбетова.

Еске салайық, бұған дейін жұқпалы індет «Қазмедиада» таралғаны жайлы айтылған еді. Осыған байланысты мекемде карантин жарияланыпты. 

 

stan.kz