Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

133 0 0

Қазақстанда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті. Індетті 972 адам жұқтырып, 99-ы жазылып шықты

АЛМАТЫ, 13 cәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1979 жылы туған азамат», — делінген ақпаратта.

Осылайша Қазақстанда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 11 адамға жетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда 27 медицина қызметкері вирус жұқтырды, арасында жүкті әйел бар 

Соңғы ақпарат бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 972 адамға жетті. 11 адам індеттен қайтыс болды, 99 адам жазылды. 



sputniknews.kz