Елімізде індетке шалдыққандар саны 13 мыңнан асты

0

Республика бойынша өткен тәулік ішінде 215 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда 13 074 адам коронавирус індетіне шалдығып, 7 737 науқас аурудан айығып шықты.

«Өткен тәулікте 215 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,7 процентті құрады», – делінген COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең көп жағдайы Нұр-Сұлтан қаласы – 42 (1.7%), Қарағанды ​​облысы – 41 (3.6%), Батыс Қазақстан облысы – 27 (3.3%), Шымкент қаласы – 22 (2.3%) және Алматы қаласында – 22 (0.8%) тіркелген.
Өзге өңірлерде:

  • Павлодар облысы – 16 (6,0%);
  • Жамбыл облысы – 11 (2.6%);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 9 (4.7%);
  • Атырау облысы – 9 (0.7%);
  • Алматы облысы – 5 (1,1%);
  • Қостанай облысы – 3 (1,5%);
  • Маңғыстау облысы – 3 (0.9%);
  • Түркістан облысы – 3 (0.8%);
  • Ақмола облысы – 1 (0,6%);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (1.6%).

Айта кетейік, аталған індет салдарынан елімізде 58 адам көз жұмды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз