Елімізде 2022 жылға дейін қазақстандықтардың 97%-ы интернетпен қамтамасыз етіледі — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін ҚР Парламенті мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған ауылды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған заң жобасында елді мекендерді ұялы байланыспен қамтып, желінің сапасын арттыру үшін байланыс операторларына телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану ұсынылады.

«Еліміздің цифрлық даму жолында интернет мәселесінің басты назарда екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Әсіресе, ауылды жерлерді сапалы Интернетпен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық қоғамдық кеңес отырысында білім және денсаулық салаларын заманға сай реформалау туралы айтқан болатын. Осы жолда, әрине, цифрлық және электрондық қызметтердің қажеттілігі өте маңызды, — деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Бұған қоса мәжіліс депутаты Майра Айсинаның сөзінше,  Қазақстанда кең жолақты интернет 117 қала мен 3 324 ауылда жалғанған. 

«Өкінішке орай, екі мыңға жуық ауыл интернетсіз отыр. Сол себепті біө осы бастаманы көтердік. Екі жыл ішінде біз қазақстандықтардың 97%-ын интернетпен қамтамасыз етпекпіз», — деді Айсина. 

Жалпы бұл құжат ауылдық елді мекендерді интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар, байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскелерін ресімдеу бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға және байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған.

stan.kz