«Ел арна» мен «Балапан» телеарналарында оқушылар үшін сабақ көрсетіледі

0

Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. 6 сәуірден бастап «Балапан» мен «Ел арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

«Қазір әр күн осы телесабақтың арнайы түсірілімі жүріп жатыр. Балалар үшін екі мыңнан аса телесабақ дайындалады. Нұр-Сұлтан мектептерінің, Назарбаев зияткерлік мектептері, республикалық, халықаралық, жекеменшік мектептердің үздік педегогтері еліміздің барлық оқушысы үшін сабақ өткізеді. Мұғалімдерге тек қолдау керек», – деді Қаринова.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.

«Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық», – деді ол.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда екі науқас коронавирустан сауықты

Қаринова мектептердің бір бөлігінде сапалы интернет жоқ екенін мойындады. Кейбір балаларда компьютер де жоқ.

«Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі»,- деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта елімізде барлығы 88 адам коронавирус жұқтырды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз