Екі жасар қыз Facebook арқылы анасын ажалдан арашалап қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

32 0 0

София Мизен есінен танып қалған анасының смартфонын алып,  Facebook-тегі мессенджер арқылы әжесіне видео қоңырау шалған   

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Англияның Пул қаласында екі жасар қыз зеректігі мен ширақтығының арқасында анасын ажалдан құтқарды. Бұл туралы Daily Mirror жазды.

София Мизен 28 жастағы анасы Самантаның ұстамасы ұстап қалған кезде дереу көмекке келген. Қыз Самантаның смартфонын алып, анасының саусағын сенсорлық экранға қойып, блокты ашқан. Содан кейін Facebook-тегі мессенджер арқылы әжесі Дебби Бейкерге видео қоңырау шалған. Ол ас үйдің еденінде жатқан анасын көрсетеді. 

Оқи отырыңыз: Англияда 8 жасар бала анафилаксиялық шок алған анасын құтқарып қалды 

Бейкер жедел жәрдем шақырған. София төрт жасар ағасы Итанмен бірге дәрігерлерді күтеді, олар Самантаны ауруханаға жеткізген. Британиялық әйел ішек инфекциясынан зардап шеккені белгілі болды. Ол емделіп, сауығып кетті.

«Мен Итаннан көмек күтуші едім, өйткені оған төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін айтатынмын. София ағасына үйреткенімнің бәрін есіне түсіреді деп ойламадым», — дейді Саманта.



sputniknews.kz