«Екі адамның өмірі үшін күрестік»: Елордалық дәрігерлер жаңа туған сәбиді коронавирустан аман алып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер жүкті әйелді коронавирустан аман алып қалды. 9 мамыр қарсаңында босанған әйел адам дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімшілігі Фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz. 

әйел
Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Қазіргі таңда ана мен баланың Covid-19 тест нәтижесі теріс. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.
«Келіншек босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті», — деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Нәтижесінде, сәбидің дені сау, COVID-19 талдау нәтижесі теріс екені білгілі болды. Қазір ана мен бала өздерін жақсы сезінеді. 

stan.kz