ЕАЭО елдерінің премьерлері Алматыда жиналды – үкімет басшылары не жайлы сөйлеседі

0

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Тараптар 12 мәселені талқылайды деп жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. 31 қаңтарда Алматы әлемнің саясаткерлері мен экономистерінің назарында болады. Бес мемлекеттің премьер-министрлері Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.

ЕАЭО үкімет басшылары мен вице-премьерлері, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян, сондай-ақ Молдова премьер-министрі Алматыда қонақ болады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы дәстүрлі түрде шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан премьерлері: Асқар Мамин, Михаил Мишустин, Никол Пашинян, Сергей Румас, Мұхаммедқали Әбілғазиев қатысады.

Тараптар 12 мәселені талқылайды деп жоспарлануда. Пікірталастың негізгі бағыты – Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі және оның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

Digital Almaty форумы

Жұма күні Digital Almaty форумы да өтеді, оған Қазақстан, Ресей және Беларусь үкімет басшылары, Армения мен Қырғызстан вице-премьерлері қатысады. Сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Молдова премьерлері қатысады деп жоспарлануда. 



sputniknews.kz