Дулат Ағаділдің өлімін арнайы прокурорлар тергейтін болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өлімін тергеуге қатысты қосымша ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, бүгіннен бастап осы істі арнайы прокурорлар тергейтін болды.

«Қазіргі кезде қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде. Олар бас прокуратураға қарайды», – деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді. Ал сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы заң бойынша 25-30 күнде жасалады. Департамент басшысы қоғам белсендісі қалай ұсталғанын да айтып берді.

«Шұғыл іздестіру шараларын Ақмола облыстық департаменті қызметкерлері атқарды. Дулат Ағаділ сағат 20:37-де ұсталған болатын. Одан кейін біздің қызметкерлеріміз оны емханаға апарды. Сол жерде ол дене жарақатының бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтті. Сосын наркология орталығына барды. Мамандар Ағаділдің орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Ағаділдің өзі ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ», – деп атап көрсетті Әділов.

Дулат Ағаділмен бірге тергеу изоляторында отырған төрт адамнан жауап алынды. Әділовтің айтуынша, олар жалпыға ортақ қылмыстар үшін қамауға алынған болатын. Алайда департамент басшысы нақты қандай қылмыс екенін айтқан жоқ.

«Олардан жауап алынды. Сол мәліметтер де Дулат Ағаділге қатысты ешқандай зорлық-зомбылықтың жасалмағанын растап отыр», – дейді Әділов.  

Ағаділдің өлімі

Кеше, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері ер адамның өлімін растады. Оның өліміне жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылып отыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Еске сала кетсек, Дулат Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпталушы деп танылып, ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алуға алмастырды.

Тағы оқыңыз: Полиция Нұр-Сұлтанда тергеу абақтысында көз жұмған Дулат Ағаділге қатысты ақпарат берді

24 ақпан күні сағат 21:00-де Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасағаны, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз