ДСҰ-да ЕЭО туралы шарттың нақты тұсаукесері өтті

0
26 Қараша 2018, 18:08 223 0

Астана, BAQ.KZ. Женева қаласында ДСҰ алаңында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нақты тұсаукесерінің шолуы жүргізілді.

Отырысқа ДСҰ-ға мүше 164 елдің барлығы қатысты. Осы кездесу шеңберінде ДСҰ-ға мүше елдерге Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың нақты көрсетілуі ұсынылды.

ЕАЭО туралы шарттың ДСҰ ережелеріне сәйкестігін анықтау үшін нақты ұсыныс дайындалды. Сондай-ақ ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге осы Шарттың мәні туралы, Еуразиялық одақтың үшінші елдермен саудадағы сыртқы сауда режимі туралы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің интеграция дәрежесі туралы ақпарат берілді.

Тұсаукесерді Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп ДСҰ Хатшылығы дайындады.

ДСҰ мүше мемлекеттерінің осы тұсаукесерге деген қызығушылығы артқаны кездесуге 130-дан астам сұрақ қойылу (АҚШ, Украина, ЕО, Чили, Канада, Мексика, Эквадор, Таиланд) фактімен расталады. Бұл сұрақтарға Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, тиісті жауаптарды ұсынды.

ДСҰ-ға мүше елдердің санитарлық және фитосанитарлық шаралар, саудаға қатысты техникалық кедергілер, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, одақ аумағы арқылы және оның мүшелері арқылы тауарларды транзиттік тасымалдауды шектеу сияқты салалары ерекше қызығушылық тудырды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ