Досаев төтенше жағдай кезінде ұлттық қордағы ақша көбейгенін мәлімдеді

0

Сәуір айында Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Бас банкир Ерболат Досаев ұлттық қордағы ақшаның қалай өскенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сәуір айында Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард долларға ұлғайып, 58,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Активтер негізінен акциялар нарығы наурызда төмендегеннен кейін инвестициялық кіріс есебінен ішінара қалпына келуі нәтижесінде өсті», — деді Досаев үкімет отырысында.

Оқи отырыңыз: Дәленов карантиннің ел экономикасына қалай әсер еткенін айтып берді 

Оның айтуынша, Қазақстанның халықаралық активтері бір айда 2,1 процентке өсіп, 89 миллиард АҚШ долларына жетті.

«Алдын ала деректер бойынша сәуір айында ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, негізінен, алтын портфелінің өсуі есебінен 30,5 миллиард АҚШ долларына дейін, 2,4 процентке немесе 700 миллион АҚШ долларына ұлғайды. Бағалы металл бағасы 7 процентке өсті», — деп түсіндірді Досаев.



sputniknews.kz