Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қандай

0

Қазақстанның қор биржасының таңертеңгілік сессиясы қорытындысы бойынша доллар шамамен 6 теңгеге арзандады – 402,79 (бір күн бұрын 408,61 теңге болды)

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Қазақстанның қор биржасының таңертеңгілік сессиясы қорытындысы бойынша бір доллар 402,79 теңге болды. 2 маусымға Ұлттық банк бекіткен валютаның ресми бағамы 408,61 теңге (минус 5,82 теңге).

Қазақстандық валюта айырбастау пунктері ұлттық валютаның нығаюын бірден ескерді.

Астанадағы валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 400-402 теңге сатып алынуда, 403-408 теңгеге сатылып жатыр.

Алматының валюта айырбастау пунктерінде долларды 403-405 теңгеге сатып алуға болады, ал сату бағамы 398,5 – 402,5 теңге.

ОПЕК+ келісімі

Наурыз айының басында коронавирус пен ОПЕК+ келісімінің жүзеге аспауына байланысты мұнай құны шамамен екі есеге арзандады. ОПЕК+ елдері өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы келісімге келе алмады.

Осы жағдайларға байланысты 19 наурызда антирекордтық көрсеткіш – бір доллар үшін 448,5 теңге болды.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айында мұнай өңдеуді тәулігініне 9,7 миллион баррельге дейін азайту туралы келісімге келді. Екінші жартыжылдықта –  7,7 миллион баррельге және 2022 жылдың сәуір айына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартылады. Келісім 1 мамырдан бастап күшіне енді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз