«Доллар жоқ, бәрі сатылып кетті»: Алматы мен Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктеріндегі қазіргі жағдай — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін таңда доллар бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Айналасы бір-екі сағаттың ішінде 440, кейбір жерлерде 446 теңгеге көтерілген доллар біраз адамның қан қысымын қоса көтергені рас. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі бірнеше валюта айырбастау пункттерін аралап, қазіргі бағамды байқады. Дегенмен біраз жабық екен. 

доллар

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағамының қарқынды өсуіне байланысты АҚШ валютасын сату тоқтатылды. Айырбастау пунктері нақты бір бағамды ұсына алмай отыр. 

Бағаның шарықтап тұрғанына қарамастан айырбастау пункттеріне келушілер саны толастамай тұр. 

Кейбір жерлерде доллардың жоқтығын, жаңа банкноттарды әлі алмағанын айтып жатыр. 

Айырбастау пунктерінің бірі долларды сату бағамын ғана көрсетсе, енді бірі тіпті жабық тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, доллардың 446 теңгеден сатылып жатқанын, KASE-те доллар бағамын анықтау мүмкін болмай отырғанын жазған едік. 

stan.kz