Доллар бағамы қайтадан 400 теңгеден асты – Қазақстан жаңалықтары

0

Доллар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде 404 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Доллар құны 376 теңгеге дейін түсіп кетті

Kurs.kz мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар сатып алу бағамы 401-ден 404 теңгеге дейін, сату 399-дан 400,5-ге дейін өзгереді.

Алматыда осыған ұқсас жағдай: айырбастау орындары 401,3-404 теңгеден доллар сатады, 398-402 теңгеден сатып алады.

Айта кету керек, KASE-де доллардың орташа бағамы бұрынғыдай 400 теңгеден төмен болып отыр.

5 маусымдағы биржада өткен таңертеңгілік сессияның қорытындылары бойынша доллар 399,81 теңгеден сатылды. Алдыңғы күннің кешкі сессиясымен салыстырғанда шетел валютасы 0,22 теңгеге қымбаттады: 399,59 теңге болды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз