Динара Сұлтан жылдар бойы жасырған жұбайын клипке түсірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Динара Сұлтан жылдар бойы елден жасырған құпиясының құлпын ашпақ. Жеке өмірі туралы көп айта бермейтін әнші жұбайы мен бес бірдей баласын кезекті клипіне түсірді. 

Динара Сұлтан жылдар бойы жасырған жұбайын клипке түсірді

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Талғамы биік әншінің кезекті әні «Сый» деп аталады. 

«Негізі сый әртүрлі болады. Өмірдің өзі берілген сый. Жаңағы жан-жарың, бала-шағаң, бүкіл сенің қасыңда қоршаған ортаң бәрі сый деп ойлаймын. Соны бір кішігірім бейнебаянда көрсеткіміз келіп тұр»,-  дейді Динара.

Ұзақ уақыт бойы күйеуін жұрттан жасырып келген әнші осы бейнебаянда бар құпиясын ашпақ. Отбасылық бейнебаянда Динараның жары да, балалары да бой көрсетпек. 

«Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды?! Ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан-жарым!» — дейді Динара.

Жаңа клипте Динара әншіден гөрі, бір үйдің отанасы ретінде көрінеді. Клипте Динараның күнделікті өмірі көрсетілмек. 

«Негізі мені әртүрлі қылып көрсеткіміз келеді. Динара Сұлтан отбасында қандай, сахнада қандай, жеке өмірде қандай екенін. Өмірде мен дәл қазір жаным ашып, қобалжып тұрмын. Өйткені үйде бала-шағам бар. Соларға алаңдаймын үнемі. Енді ана болғандықтан, үнемі алаңдаумен жүреміз. Соны режиссер өзі көрсеткісі келді», — дейді Динара.

stan.kz