Димаштың жаңа әні Қытайдың QQ Music платформасында рекорд жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «We Are One» (Біз бірбіз) атты жаңа композициясы Қытайдың QQ Music музыкалық платформасында алтын сертификат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш

COVID-19-ға қарсы күрес жайлы ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексіне ие болды және алтын сертификат алды.

Димаш Құдайбергенов «We Are One» атты әнін эпидемиямен күрестің алдыңғы шебінде тұрған барлық дәрігерлерге, оқшауланған барлық адамдарға арнады.

«Бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп, қиын кезеңді бастан өткеруде. Қорқынышты ауруға қарсы топтасып, бір-бірімізге қиын-қыстау күндерде көмектесу арқылы ғана біз COVID-19-ды жеңе аламыз. Бұл ән эпидемиямен күрестің негізгі майданында тұрған дәрігерлерге және оқшауланған адамдарға арналған», — деді Димаш Құдайберген.

 

stan.kz