Димаштың бүкіләлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарық көрді — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күреске арнаған әніне түсірілген бейнебаянның қазақша нұсқасы шықты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

Бұған дейін Димаштың «We Are One» жаңа композициясына клип «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа Новости | Xinhua News» парақшасында пайда болғаны хабарланған. Онда кадрлардан дәрігерлер, еріктілер, гуманитарлық көмек, дүкендердегі бос сөрелер, бетперде киген адамдар, пандемияға ұласқан коронавирустың алғашқы ошағы болған Қытайдың Ухань қаласын көруге болады.

Ал енді бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған осы композицияның қазақша бейнеклипі шығарылды. «Хабар» агенттігі «We Are One» әніне бейнебаян әзірлеуге қатысты. Бейнебаянннан пандемия орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.

 

stan.kz