Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео

0

Танымал әнші Димаш Құдайберген карантин кезінде өзінің спорттық шеберлігін шыңдап, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін спорттық дарынымен таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасына жүктеген видеода футбол добымен қаншалықты шебер ойнай алатындығын көрсеткен.

«100 рет. Бала кезімде күнде футбол ойнағаным есімде. Қазір шеберлігімнен айырылғаным байқалады, бірақ бір сәт сабақ пен ойынға уақыт табылды», – деп жазады әнші.

Бұл видео әп-сәтте жүз мың рет тамашаланып, оның астына бес мыңға жуық пікір жазылды.

Көптеген жанкүйер әншінің спорттық дарынына таңданысын білдірді.

«Барлық салада шеберсіз. Сіз тек қана ән айтуды біліп қоймай, сонымен қатар спорт шебері де бола аласыз», – деп жазды Димаштың жанкүйерлерінің бірі.

Айта кетейік, наурыз айының соңында әнші коронавирус пандемиясына байланысты Arnau атты әлемдік турнесін тоқтатты.

Оқи отырыңыз: Димаш Қытайда коронавирустың таралуына байланысты жанкүйерлеріне сөз арнады

Нұр-Сұлтан қаласында отбасымен үйінде оқшауланған әнші карантинді қалай өткізіп жатқаны туралы фотосуреттер мен видеолар жариялап тұрады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз