Димаш Құдайберген Токиода концерт береді

0

Әнші тыңдармандарын Токиода өтетін джаз фестиваліне шақырды, оның аясында Димаштың концерті өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан — Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Жапонияда джаз фестивалі аясында концерт беретінін хабарлады.

Димаш Құдайберген бұл туралы Instagam-парақшасында жазды. Әнші әлемдегі тыңдармандарын жапон және ағылшын тілінде джаз фестиваліне шақырды.

Әншінің фанаттарының хабарлауынша, Токиодағы фестиваль биыл мамыр айында өтеді.

Димаштың концерті қайда өтеді

ARNAU TOUR 2020 аясында Димаш Құдайбергеннің 11 концерті өтеді деп жоспарланған, оның үшеуі Ресейде өтті:

  • 2020 жылдың 7 наурызы,  Арена Рига, Латвия;
  • 2020 жылдың 9 наурызы , «Мегаспорт» спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
  • 2020 жылдың 11 наурызы, Спорт сарайы, Киев, Украина;
  • 2020 жылдың 19 наурызы, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
  • 2020 жылдың 21 наурызы, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
  • 2020 жылдың 25 наурызы, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
  • 2020 жылдың 29 наурызы, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
  • 2020 жылдың 4 сәуірі, Минск-Арена, Беларусь.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз