Димаш Құдайберген Филипп Киркоровпен бірге ән шырқады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Танымал әншілер «Жестокая любовь» әнін орындап, оларды Игорь Крутой сүйемелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Ресейлік композитор Игорь Крутой әлеуметтік желіде Филипп Киркоров пен Димаш Құдайбергеннің бірге ән айтқан сәтінің видеосын жариялады.

Видеода атақты орындаушылар Филипп Киркоровтың репертуарындағы «Жестокая любовь» әнін қосыла шырқап тұр.

Қазақстандық әншінің тыңдармандары бұл ерекше орындауға бірден назар аударып, пікірлерін жазды.

«Дауыстары, тембрі әртүрлі, бірақ сонысымен де керемет», — депті Димаштың фанаттарының бірі.

Кейбіреулер осы хиттің жаңа орындауын естісек деген тілек айтты.

Тағы оқыңыз: «Әлемнің халық әртісі»: Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды — видео

Сондай-ақ әлемге әйгілі қазақ әншісінің жанкүйерлері Игорь Крутойға Димаштың дарынын ашуға қосқан үлесі үшін алғысын жаудырған.

Бұған дейін Димаш Құдайберген ресейлік композитордың «Новая волна» аясындағы шығармашылық кешінің қонағы болды, арада бірнеше күн өткенде Қазандағы WorldSkills стандарты бойынша кәсіби шеберліктен әлем чемпионатының жабылу салтанатында мыңдаған көрермен алдында ән шырқаған.



sputniknews.kz