Димаш дәуір әншісі атағы үшін дауыс беру қорытындысына түсініктеме берді

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

36 0 0

Димаш дауыс беру аяқталғанға дейін азғана бұрын алтыншы орында болғанына қарамастан, 369-шы орынға тұрақтады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген барлық уақыттағы үздік әнші атағы үшін дауыс беру аяқталғаннан кейін өз жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық Ranker порталы үздік әнші атағы үшін онлайн дауыс беру өткізді. Дауыс беру барысында Димаш Құдайберген рейтингте көтеріліп, дауыс берудің соңғы кезеңінде 6-шы орынды иеленді. Дегенмен, қорытынды рейтингте ол 369-шы орынға дейін төмен сырғыды, бұл оның жанкүйерлерінің ашуын келтіріп, сауалнаманы ұйымдастырушылардың адалдығына күмәндануға мәжбүрледі.

«Қымбатты достар! Мен бүгін қандай да бір америкалық сайтта сауалнама жүргізіліп, ол жерде менің де атым аталғанын білдім. Дауыс беріп, қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді, алайда бұл дауыс берудің қандай да бір конкурсқа, марапатқа немесе телевизиялық жобаға қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернет-сауалнама, ол ештеңені шешпейді. Маған және менің Қазақ халқыма сүйінпеншілік білдіріп жүргендеріңіз үшін көп рахмет. Менің шығармашылығымның осындай адал жанкүйерлерінің болуы – үлкен абырой. Мен сіздердің жанкүйеріңізбін. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!» – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында. 

Рейтингтің үздік үштігіне Фредди Меркьюри (1), Майкл Джексон (2) және Уитни Хьюстон (3) енді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am singer конкурсынан кейін әлемге танымал болды. Әртіс өткен жылдың қараша айында Лондонда жеке концертін берді, ал 2019 жылы 22 наурызда Мәскеудегі Кремль сарайында өнер көрсетеді.  


Дереккөз: https://sputniknews.kz/