Қытайдағы коронавирус: депутаттар қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар тасымалы мен адам ағынын уақытша тоқтата тұру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қытайдағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қытайдың тек Ухань қаласынан ғана емес, коронавирус инфекциясы тараған басқа да қалаларынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастыру қажет. Білім және ғылым министрлігі Қытайдың білім министрлігімен қауіп жойылғанша қазақстандық студенттерге демалыс беру мәселесін пысықтауы тиіс. Эвакуацияланған азаматтарды елге келгеннен кейін медициналық бақылауда ұстау қажет деп санаймыз», – деді мәжілісмен Құралай Қаракен премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы азаматтар мен тауар тасымалын уақытша тоқтата тұру қажет деп санайды.

Тағы оқыңыз: «Қорқынышты»: Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты – видео

Бұдан бөлек, Қаракен Қытайдағы коронавирустан шығынға батқан отандастардың мәселесін қозғады. Айтуынша, Қытайға жолдама сатып алған қазақстандықтар туристік операторлардан ақшасын қайтара алмай жүр.

Депутат әлеуметтік желілерде коронавирустың жұғу жолдары мен таралуына қатысты тексерілмеген ақпарат өріп жүргенін де айтты.

«Ақпараттың тапшылығынан халық байбалам салып, дүрлігіп жатыр. Сол себепті коронавирус инфекциясы бойынша ахуал туралы ақпарат беретін Telegram-канал құруды ұсынамыз», – деді ол.

Сондай-ақ, адамдардың жеке сауалдары мен шұғыл хабарламаларын өңдеу үшін call-орталық ашуды, әлеуметтік желілерде вирусқа қатысты тақырыптарға онлайн-мониторинг жүргізуді ұсынды.

Депутаттың мәліметінше, қазір Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткен, соның ішінде 132-і көз жұмды. 28 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі «өте жоғары» екенін мойындады.

Тағы он бес елде осы вирусты жұқтырған бірлі-жарым адам бар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз