Депутаттар допингпен ұсталатын спортшылардың жазасын қатаңдатты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Допингке қарсы қағидаларды бұзған спортшылар жарыстан шеттетіліп, құрама және штаттық командалар құрамынан шығарылады, бұдан бөлек баспанасы мен сыйақысын да қайтарады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс мақұлдаған заңды сенат қабылдаса, допингпен ұсталған қазақстандық спортшылар 200 АЕК немесе 505 000 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында дене шынықтыру және спорт мәселелер туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, құжатта допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін спорттан шеттету, спорт нәтижесін жою, ай сайынғы төлемді тоқтату, құрама және штаттық командалар құрамынан шығару, спорттық атақтан, спорттық разрядтан және біліктілік санатынан айыру, баспана мен ақшалай сыйақыны қайтару сияқты шаралар көзделген. 

«Бұдан бөлек, жеке тұлғалар үшін допинг қолданғаны және қолдануға әрекет жасағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде (505 000 теңге) әкімшілік жаза қарастырылған», – деді депутат.

Ал лауазымды тұлғаларға қатысты еңбек заңнамасына сәйкес шаралар қолға алынады.

«Чемпиондар мен жүлдегерлерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға баспана беріледі. Ал 10 жыл өткен соң, оны меншікке алуға болады. Бұл ретте, әлемдік біріншілік чемпиондары мен жүлдегерлері қайтыс болған жағдайда, осы тұрғын үйді меншікке алу үшін олардың мұрагерлерінің мүддесі ескеріледі», – деді Жұмаділдаева.

Сондай-ақ, Паралимпида ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің жергілікті атқарушы органнан тұрғын үй алу кезінде қажеттіліктері ескеріледі.

Төменгі палата депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді ол сенатқа жіберіледі.

Еске сала кетсек, биыл көктемде осы заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында мәжілісмендер спортшыларды допинг қолдануға мәжбүрлегені үшін бапкерлер мен спорт дәрігерлеріне салынатын айыппұлдың төмен екенін айтқан еді. Ол кезде мәдениет және спорт министрлігі 50 АЕК мөлшерінде айыппұл енгізуді ұсынған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз