Депутат білім саласының өзекті проблемасын атады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Депутат шетелде білім алатын студенттердің көбеюіне алаңдады. Білім министрі мұндай проблеманың бар екенін жоққа шығармады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық студенттердің шетелге көптеп кетіп жатқанын мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыру барысында депутат Нұрлан Дулатбеков шетелде білім алатын студенттердің көбеюіне алаңдады. Мәжілісмен келтірген цифрларға сүйенсек, биыл көрші Ресейге 59 306 қазақстандық студент білім қуып кеткен.

«Мәселен, Қытайдан Ресейге барып жатқан студенттердің саны 21 мың, Өзбекстаннан – 14 мың, Украинадан – 13 мың, Əзербайжаннан – 4 мың, Америкадан – бір мың, Оңтүстік Кореядан – 956 бала. Халық санына шаққанда, 18 миллион тұрғыны бар Қазақстаннан 59 мың, ал 1,5 миллиард халқы бар Қытайдан небәрі – 21 мың студент. Менің ойымша, бұл білім саласындағы проблемаларды көрсетіп отыр», – деп қапаланды депутат.

Білім министрі мұндай проблеманың бар екенін жоққа шығармады.

«Шетелге кетіп жатқан студенттер проблемасы бар, жасыратын ештеңесі жоқ. Бірақ, Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдары басқа елге кеткен балалар саны екі есеге қысқарған. Солтүстік Қазақстанда да азаю үрдісі байқалуда. Бұл осы мəселені қолға алып, кешенді айналысудың арқасында деп ойлаймын», – деді ол.

Тағы оқыңыз: Білім министрі мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты

Аймағамбетов студенттердің шетел асуы жоғарғы оқу орындарының мəселесі екенін атап өтті.

«Бұл жерде оқу орындарының қолжетімділік мəселесін шешу керек. Жалпы бұл кешенді проблема, біз онымен айналысамыз», – деп сендірді ведомство басшысы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз