Депутат Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды – Қазақстан жаңалықтары

0

Депутат Бекболат Тілеуханның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы депутаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Оның сөзінше бастапқыда үйде емделгенімен, ол ем шаралары ешқандай әсер бермепті. Қазіргі таңда Бекболат Тілеухан дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған көрінеді.

«Құрметті бауырлар! Жаһандық пандемия маған да әсер етті. Менің тестім оң нәтиже көрсетті! Басында мен үйде емделдім, бірақ қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатырмын. Дұрыс ем алудамын. Менде дәрігерлер айтқан COVID-19 белгілерінің барлығы байқалуда. Қазір вирустың таралуы ықтималдығы жоғары. Мен барлығын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ әзірге карантин бірткен жоқ», – дейді Бекболат Тілеухан. 

Осылайша вирус жұқтырған депутат адамдарды барлық ережелерді сақтап, каранти жағдайында сақ болуға шақырды. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз