Денсаулық сақтау министрі коронавирус тараған Алматыдағы ауруханаға қатысты комиссия шешімін жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирустың таралуына байланысты жүргізілген комиссия тексерісінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

«2020 жылдың 5-14 мамыры аралығында 14 адамнан, оның ішінде ұлттық және халықаралық деңгейдегі эпидемиологтардан, сондай-ақ медицина қызметкерлері кәсіподағының, Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің, медициналық қауымдастықтардың өкілдерінен жасақталған комиссия Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада коронавирус инфекциясының таралуы фактісі бойынша тексеру жүргізді. Бүгін осынау эпидемиологиялық тексеруге қатысты қорытындыны алдым. Нәтижесінде мұндай бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыныс әзірленді», — деп жазды министр Facebook-парақшасында.

Елжан Біртанов орынбасары Людмила Бюрабековаға Алматыға барып, медицина қызметкерлерімен кездесуді тапсырғанын айтты.

«Бірлесіп бағалау әрі мұнан ары шешім қабылдау үшін бұл мәліметтердің прокуратураға берілетіндігін де атап өткен маңызды. Бұған қоса, жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының басшысына медицина қызметкерлерін нысанға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілген кезеңде және көпбейінді стационар жұмысын бұрынғы режимде жандандырғанға дейін қаланың басқа медициналық ұйымдарына жұмысқа орналастыру, сонымен қатар қосымша жалақы төлеу және әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуді тапсырдым», — деді ол.

Біртанов орталық қалалық клиникалық аурухананың коронавирус жұқтырған қызметкерлеріне төлем жасау жұмысқа уақытша жарамсыздық парағын ұсынғаннан кейін төленеді.

«11-23 сәуір күндері инфекциялық, провизорлық және карантиндік жағдайда жұмыс атқарған орталықтың 350 қызметкеріне инфекциялық және провизорлық науқастармен жұмыс істегені үшін жалақыларына жалпы сомасы 59 млн теңге үстемеақы төленді», — деді Елжан Біртанов.

Бұған дейін, Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны күрт өсіп кеткен болатын. Олардың басым бөлігі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері еді.

Сол себепті, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, ауруханада тексеру жұмыстары басталды.

 

stan.kz