Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 58 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов

«Өздеріңізге мәлім, кеше коронавирус жағдайына байланысты Үкіметте ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жалпы, қазіргі күні елімізде коронавирус жұқтырып алған 9 300-ден астам адам тіркелді. Олардың арасында 50 пайызы, яғни 4 600-ден астам науқас жазылып, ауруханадан шықты. Өкішінке орай 37 науқас қайтыс болды», – деді Елжан Біртанов.

Министр айтуынша, науқастардың 85 пайызының жағдайы жеңіл деңгейде.

«Көбіне науқастар симптомсыз тіркелген. Бірақ 13 пайызы – 543 науқас орташа жағдайда, 1,5 пайызы – 58 науқас ауыр жағдайда, 19 науқас жасанды вентиляцияға қосылған», – деді ол. 

Елжан Біртанов коронавирус бойынша өсім деңгейіне де тоқталды.

«Соңғы екі аптаның жағдайын қарасақ, өсім деңгейі байқалып отыр. Өткен 2 аптаның ішінде күнделікті өсім деңгейі 5 пайыздан аспайды. Соған қарамастан кей өңірде коронавируспен тіркелген науқастардың саны өсті. Атырау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан облысы және Шымкент қаласында. Осы өңірлердегі өсім, өкінішке қарай, үлкен кәсіпорындарда тіркелген. Мысалы, Атырау облысында «Теңіз» кен орнында 1063 адам, Қарағанды облысында 358 адам, Шымкент қаласында «Петро Қазақстан» ұйымында 2019 адам, Нұр-Сұлтан және Түркістан қаласында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам адам, Жамбыл облысы және Алматыда  әскери ұйымдардың ішінде осы үлкен топ науқастар тіркелді», – деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. 

Оның сөзінше, бұған себеп – карантин кезінде халық үйде отырған кезде жұмысы тоқтамаған кәсіпорындарда жұмысшылар жұмыс істегеннен кейін инфекцияны тарату тәуекелі жоғары болуы.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, коронавируспен ауыратындардың жалпы саны елде 9304-ке дейін өсті.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз