Денсаулық министрі дәрігерлерге үндеу жасады

0

14 сәуірде Алматыда орталық қалалық аурухананың 110 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан бойынша 211 медицина қызметкерінің COVID-19 жұқтырғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 14 cәуір – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінен пандемия кезінде сабырлық танытып, өз міндеттерін кәсіби түрде орындауын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Facebook парақшасында коронавируспен күрес жүргізіп жатқан мамандардың демалыссыз күні-түні жұмыс істеп жатқанын, соған сай олардың шаршағаны жайлы жазды.

«Жұмыстан қатты шаршап, эмоциялық тұрғыда әлсірей бастағандарыңызды да білемін. Араларыңызда қаншама адам өз үйіне барып, балаларын құшақтай алмай қиналып жүр.
Кейбіріңізде қорқыныш бар, енді біріңіз ренжисіздер. Індетті жұқтырғандар да аз емес», – деді министр.

Ол медицина қызметкерлері соған қарамастан, жұмыс істеп, науқастарды емдеп жатқанын айтты.

«Дәрігер ешқашан да атақ, даңқ, ақша үшін жұмыс істеген емес, адам өмірін ажалдан арашалап қалу біздің күнделікті кәсіби міндетіміз. Басқа жол жоқ. Мен сіздермен мақтанамын», – деп жазды министр. 


©
AFP 2019 / DIRK WAEM

Коронавирусқа сынама алып жатқан медицина қызметкері

Сонымен қатар Елжан Біртанов карантин ережесін сақтап, үйде отырған қазақстандықтарды да мақтады.

Министр өз жазбасында медицина қызметкерлерінен дәл қазір шыдамдылық пен нақты кәсіби іс-қимыл талап етілетінін атап өтті. Сондай-ақ, үйде отырып сын айтатындардың сөзіне мән бермеуге шақырды.

«Бар назарды жұмысқа аударуымыз керек. Қазір ескі ренішті айтып, жанжалдасатын уақыт емес. Оның бәрін індеттің бетін қайтарған кезде шешеміз, ол үшін біз барлық мүмкіндікті пайдаланамыз», – деп сендірді денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, 14 сәуірде Алматыда орталық қалалық аурухананың 110 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан бойынша 211 медицина қызметкерінің COVID-19 жұқтырғанын хабарлады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз