«Демпартия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай ұсталғаны хабарланды

0

«Демократиялық партия» құруды көздейтін бастамашыл топтың жетекшісі, белсенді, саясаткер Жанболат Мамай ұсталғаны хабарланды. Бұл туралы Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай Facebook желісінде айтты.

Оның сөзінше, Жанболат Мамайды Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқарамасының қызметкерлері ұстаған.

Иманбайдың сөзінше, полиция Жанболат Мамайды бастамашыл топтың өкілі Жанбол Рахматулланың Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық әкімшілік сотына келген кезде ұстап, Қарасай аудандық полиция басқармасына әкеткен. Рахматулланың ұсталғаны бүгін, 21 ақпан түс кезінде хабарлаған.

Қарасай аудандық полиция басқармасы Мамайдың ұсталғанына қатысты ақпарат берген жоқ.

Жаңалық толықтырылады

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз