Дәріханаға жүгіріп, бетперде іздеудің қажеті жоқ

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Министр кейбір азаматтар бетпердені көптеп сатып алып, Қытай, Ресей және тағы басқа елдерге экспорттап жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің дәріханаларында бетперде неге тапшы екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Егер ауру адамның қасында тұрсаңыз, бетперде сізді қорғайды. Ал, жалпы, көшеде жүрсек, неліктен бетперде киеміз? Қазақстанда коронавирус жоқ, неден қорқамыз? Мен, мысалы, бетперде киіп жүрген жоқпын. Эпидемия болса, әрине, жағдай басқаша. Бірақ қазір дәріханаға жүгіріп, бетперде ідеудің қажеті жоқ. Ол сізді қорғамайды», – деді Біртанов мәжіліс кулуарында.

Министр коронавирус жайлы: менің де балаларым мектепке барады, қауіп жоқ

Осы ретте министр дәріханалардағы бетперде тапшылығының себептерін атады. Айтуынша, бірінші себебі – кейбір азаматтар масканы көптеп сатып алып, Қытай, Ресей және тағы басқа елдерге экспорттап жатыр.

«Шынын айту керек, қазір азаматтар бетпердені қорқыныштан сатып алып жатыр. Өкінішке қарай, Қытайға, басқа мемлекеттерге миллиондап сатып жатқан азаматтар бар. Қылмыс деп айтуға болмайды, бірақ осындай жағдай туындап отыр», – деді ол.

Елде тапшылық туындағаннан кейін, үкімет шетелге бетперде экспортын тоқтатқан.

Екінші себеп – шикізаттың жоқтығы. Қазір Қазақстанда бетперденің 80 процентін отандық өндірушілер шығарады. Алайда, шикізаттың негізгі бөлігі Қытайдан жеткізіледі. Ал Қытай індет тарағаннан бері шикізат экспортына тыйым салған. Сол себепті бетперде шығаратын кейбір отандық кәсіпорындар тоқтап тұр, деп түсіндірді Біртанов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз