Дәрігерлер қай өңірлерде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

0

Пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкерінің 67-сі науқастармен тікелей жұмыс істегенін, қалғаны әр түрлі себеппен ауырып қалғанын мәлімдеді, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан.  

6 сәуірдегі мәлімет бойынша 8 өңірде науқастармен жұмыс істеген дәрігерлер індетті жұқтырған:

  • Ақмола облысы – 1,
  • Атырау облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 4,
  • Қызылорда облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 6,
  • Түркістан облысы – 1,
  • Алматы қаласы – 21,
  • Нұр-Сұлтан қаласы — 31.

Осылайша, пациенттермен жұмыс істей жүріп науқастанып қалған дәрігерлер сырқаттанғандардың жалпы санының 10%-ін құрады.

«Қазіргі уақытта бір медицина қызметкері ауыр жағдайда, 9 науқастың жағдайы – орташа . Қалған 57 симптомдарсыз және жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емдеуден өтеді», — деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда 120 медицина қызметкері індетке шалдыққанын мәлімдеген болатын.

Соңғы мәлімет бойынша 685 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам қайтыс болып, елуі жазылып шықты.



sputniknews.kz